Италияда құлдырау басталды

Италияда құлдырау басталды

Италияда құлдырау басталды
ашық дереккөзі
Италияда елдің ішкі өнімі екі тоқсан бойы төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24». Билік бұл үрдіс одан әрі жалғасуы мүмкін деп алаңдап отыр. Премьер-министр Джузеппе Контенің пікірінше, Италиядағы қазіргі жағдайдың орын алуына әлемде соңғы жылдары күшейген сауда соғысы себеп. «Сондықтан мемлекет қазір ел экономикасын қайта жандандыруға күш салу керек», – дейді үкімет басшысы. Айта кетейік, Италия – Еуроодақ елдері арасында сыртқы қарызы ең үлкен мемлекет. Оның көлемі 2 триллион 300 миллиард еуроға жеткен.