Түркияда халық саны 82 миллионнан асты

Түркияда халық саны 82 миллионнан асты

Түркияда халық саны 82 миллионнан асты
ашық дереккөзі
Түркияда халық саны 2017 жылдағыдан 1193357 адамға өсіп, 2018 жылы 82003822-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Статистика институты (TÜİK) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 2017 жылдың аяғында Түркия халқының саны 80,8 миллионнан асқан болатын. 2018 жылдың аяғындағы деректерге сәйкес, Түркия халқының 50,2 пайызы - (41,1 миллион) ерлер, 49,8 пайызы - (40,8 миллион) әйелдер.