Жаңалықтар

Алматыда "Ерлік сабағы" өтті

ашық дереккөзі

Алматыда "Ерлік сабағы" өтті

Алматыда жергілікті әскери басқару органдарының ұйымдастыруымен "Ерлік сабағы" өтті. Аталған шара Алматы қаласы Түрксіб ауданының басқармасы мектеп оқушыларымен бірге Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған "Ерлік сабағы" өткізді. Бірінші "Ерлік сабағы" Түрксіб ауданының 78-мектеп гимназиясында басталды. "Ерлік сабағы өскелең ұрпаққа тәрбиелік тұрғыдан орны ерекше. Сонымен бірге оқушылардың бойына  патриоттық  сезімін  қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа,  аталар  ерлігін  мақтан  тұта  жалғастыруға баулу, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің ерлігін насихаттау болып табылады", - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының міндетін атқарушы майор Әлімжан Қанайбеков.