Тілшілер ұстаханасы

Тілшілер ұстаханасы

Тілшілер ұстаханасы
ашық дереккөзі
«Túrkistan» газеті – қазақ баспасөзінде өз орнын тапқан, бет-бейнесін қалыптастырған, беделді басылым. Журналистикадағы тынысымызды ашып, талпынысымызды қолдаған басылым болғандықтан «Túrkistan»-ға деген құрметім ерекше. Студенттерді жатырқамай қабылдап, жанашырлық танытатын газет ұжымы берекелі, ынтымақты үлкен отбасына көбірек ұқсайтын. Журналистикадан алыстамауымызға, өз мамандығымызды мақтаныш етуімізге бірден-бір себеп болған да осы ұжым десем, шындықтан алыстай қоймаймын. «Túrkistan» шыңдаған, осы газеттен қанаттанған журналистер аз емес. Әрі редакцияның «қазанында қайнап», шеберлігін шыңдаған әріптестеріміздің барлығы бұл газетті тілшілер ұстаханасы санайды. Мұның барлығы газеттің қатардағы көп ақпарат құралдарының бірі еместігін, ширек ғасырдың ішінде сара, салиқалы басылымға айналғанын көрсетеді. Ендеше, жиырма бес жыл ұлттық мүддемізді бүтіндеп, жоғымызды түгендеп, халықтық басылым ретінде өзін мойындатқан «Túrkistan» газетінің ғұмыры ұзақ болсын! Осы уақытқа дейін оқырманның көңіліндегісін дөп тапқан ұжымның бірлігі бекем болып, шығармашылықта табысқа жете берсін!  

Досымбек Өтеғалиев,

«Заң медиа» ЖШС президенті