Алты Алашқа ортақ басылым
Алты Алашқа ортақ басылым
Сіздерді «Túrkistan» халықаралық саяси апталығының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізі қаланған «Túrkistan» газеті еліміздің саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып келеді.
Сіздер Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде халықаралық деңгейге көтеріле білген іргелі басылымның бірісіздер. Бұл орайда, өзіндік ерекшелігімен оқырмандарын баурап отырған төл басылымда қолтаңбалары қалған ұлт қайраткерлерінің, қазақ журналистерінің, бүгінгі кәсіби ұжымның еңбегін атап өтуге болады.
Түбі бір түркі жұртының рухани астанасының атын иеленген «Túrkistan» газетінің алты Алашқа ортақ келелі мәселелерді көтеріп, ел ынтымағын арттыру, рухын көтеру бағытындағы қызметі жемісті болсын.
Ширек ғасырлық тарихтарыңыз алдағы үлкен жоспарларға негіз болғай! Редакция ұжымына шығармашылық шабыт, толайым табыс тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, абырой-беделдеріңіз биіктей берсін!
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ,
Жамбыл облысының әкімі