31 Қаңтар 2019, 14:01 461 0 Қоғам "Түркістан" газетінің авторлары

Жеңіс Қасымбек: Ширек ғасыр жасаған «Túrkistan»

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері қоғамның, экономикалық, саяси һәм рухани-мәдени тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері мен жетістіктерін бұқараға кеңінен жеткізіп келе жатқан «Túrkistan» газетінің ақпарат айдынында алар орны ерекше. Өйткені бұл газет талдаулары терең, мазмұны бай, тілі шұрайлы материалдарында барлық саланы қамти отырып, қоғамның дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе баспасөз саласы электронды форматқа көшіп жатқан шақтың өзінде бұрынғы қалпын да сақтап, заманауи үрдістен де қалмай оқырманның ықыласына бөленген газеттің болашағы зор деп білемін.

Ширек ғасыр жасаған «Túrkistan» газеті қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өмірдің кемшін тұстарын салмақты сараптамаларымен талдап, жетістіктерін жіпке тізгендей етіп жариялап келеді. Бабаларымыздан қалған асыл мұраларымызды насихаттап, тарихи құндылықтарымызды бағалай білуге үндеулері айрықша тартымды. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық сананың жаңғыруына бұдан былай да септігін тигізе беретіндігіне сенемін.

Барша  түркі жұртына ортақ, атына хаты сай бұл бірегей басылымның ұжымы мен оқырмандарын айтулы 25 жылдық мерейтоймен құттықтай отырып, Алаш баласын сүйіншілейтін ақжолтай ақпараттарыңыз бен ел беделін арттыру, оқырмандарының рухын көтеру, іргелі істерге жұмылдыру мұратымен жазған мәйекті мақалаларыңыз көп болғай.

Редакция ұжымына мол шығармашылық табыс, аласармас абырой, биік мәртебе, зор жетістіктер тілеймін.

Соңғы жаңалықтар