Маңызды мәселелер басты назарда

Маңызды мәселелер басты назарда

Маңызды мәселелер басты назарда
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы аясында Атырау қаласындағы «ҚазТрансГазАтырау» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. «КазТрансГазАтырау» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мақсұт Әбуов төрағалық еткен жиында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы» жобасының негізгі ережелері талқыланды. «ҚазТрансГазАтырау» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Мұрат Ешпатов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алып, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы» Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы баяндама жасады. «Еліміздің басты партиялық саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы – ел жағдайын тұрақтандыруға, Қазақстанды дамыту мен халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы міндеттерді орындауға зор үлес қосып, елдің береке-бірлігінің артуына және саяси тұрақтылығын нығайтып, экономикалық реформалардың табысты іске асуына атсалысып келе жатқан бірден-бір саяси ұйым. Биыл құрылғанына 20 жыл толатын «Нұр Отан» партиясы осы уақыт ішінде шынығып, шыңдалып, халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстап отыр», – деп атап өтті Мұрат Ешпатов. Ал «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық партия филиалы бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Тұрдалиев партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелеріне тоқталды. «Қоғамдық сананы жаңғырту және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында баяндалған қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі бағдарламаларының мәні де, рөлі де жоғары. Бағдарлама Елбасының елімізді жан-жақты жаңғыртуға арналған бағытын жалғастыруды және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Әділбек Олжабай­ұлы өз сөзінде. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы делегаттығына «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы бастауыш партия ұйымынан екі делегат ұсынылып, дауысқа салынды.