Жетекші саяси күшке айналды

Жетекші саяси күшке айналды

Жетекші саяси күшке айналды
ашық дереккөзі
Астана қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы ғимаратында бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиналыс барысында қарастырылған ең басты мәселе – партияның XVIII съезінің жоспарын саралау. Жиынға қатысушылар негізгі 3 мәселеге баса назар аударды: «Нұр Отан» партиясына 20 жыл. Жасампаздық және әлеуметтік даму», «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасындағы негізгі ережелерді талқылау, «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау. 1 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. «Қазіргі таңда партия қатарында 1 миллионнан астам адам бар. Барлық ел бойынша 17 өңірлік және 247 аймақтық филиалдар бар. Сондай-ақ күллі ауыл-аймақтарда бастауыш партия ұйымы бар жалғыз партия болып есептеледі. Олардың саны 6 мыңнан асады», – деді «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раиса Жакенова. Бүгінгі таңда Астана қалалық филиалында 300-ден астам бастауыш партия ұйымы және 45 мыңнан астам партия мүшесі бар. Партиялық ұйымдардың ардагерлері партияның тарихы мен оның қоғам өміріндегі қазіргі рөлі туралы айтты. «Көптеген жылдар бойы партия жеңістер мен жетістіктердің күрделі жолынан өтті. Ал қазіргі таңда елдегі жетекші саяси күшке айналды. Елдің көшбасшысы ретінде қалыптасқан партия бұл күнде мемлекеттің ықпалды саяси күші. Партияның негізін қалаушы Елбасы саясатының арқасында Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан экономикасы өркендеген мықты қоғам және демократиялық мемлекет болып қалыптасты», – деді партия ардагері Мұхтар Еркетаев.