Зорлық-зомбылық көрген жасөспірімдерге өтемақы төленеді

Зорлық-зомбылық көрген жасөспірімдерге өтемақы төленеді

Зорлық-зомбылық көрген жасөспірімдерге өтемақы төленеді
ашық дереккөзі
2020 жылдың 1 шілдесінен бастап зорлық-зомбылық құрбаны болған азаматтарға бір жолғы өтемақы төленеді. Бұл жайында «Казахстанская правда» газетіне сұхбат берген ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Шындығында, зардап шегушінің материалдық мүддесін қорғау - өзекті мәселе. Меншік құқығына Конституциямен және заңдармен кепілдік берілген. Сондықтан, келтірілген залалды өтеу құқыққорғау органдарының басым міндеті саналады. Өткен жылы тергеу барысында қабылданған шаралармен мемлекетке және азаматтарға 120 млрд теңге қайтарылды. Арнайы прокурорлар екінші деңгейлі банктерден ұрланған 260 млрд теңгені қайтарды. Бұған қоса, бұл мақсатта құны 63 млрд теңге болатын мүлік бұғатталды», - деді Қайрат Қожамжаров. Оның атап өтуінше, қаңтарда күшіне енген меншікті қорғау мәселелері жөніндегі заңда прокурорларға жаңа міндет жүктелген. Яғни, прокурорлар бұғатталатын мүліктің заңды немесе қылмыстық жолмен алынғанын тексеруі тиіс. Бұл да меншік құқығын сақтауға кепілдік беретін тетіктердің бірі саналады. «Халықаралық тәжірибеге сай қылмыс құрбандарын материалдық қорғаудың жаңа тетіктері енгізіліп, зардап шеккендерге өтемақы төлеу қоры құрылды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыс жасаған тұлғалардың мәжбүрлі төлем аударуы есебінен оны толтыру басталды. Қазірдің өзінде 300 млн теңге өндіріліп алынды. 2020 жылдың 1 шілдесінен зардап шекен жасөспірімдер, азаптау, адам саудасы және зорлық-зомбылық әрекеттердің құрбаны болғандар бір жолғы өтемақы алады.  Залалды өтеу мәселесі барлық уақытта да прокурорлардың тыңғылықты назарында болады», - деді Бас прокурор.