Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады

Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады

Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады
ашық дереккөзі
Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  "Салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесін жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл азаматтардың дер уақытында салық төлейтіні туралы кепілдік бермейді", - деді ведомство басшысы Мәжілісте үкімет сағатында. Әлихан Смайылов шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде (әуежайда) төлеу мүмкіндігі пайда болғанын айтты.  "Төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электронды шлюз арқылы банктермен тікелей жұмыс істейміз. Бұл төлемінің жаслағаны туралы мәліметті бір, екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті, шекарадн асу кезінде мұндай мәселелер туындамайды", - деді министр депутаттарға.