Қаршыға Ахмедияровқа ескерткіш орнатылды

Қаршыға Ахмедияровқа ескерткіш орнатылды

Қаршыға Ахмедияровқа ескерткіш орнатылды
ашық дереккөзі
Атырауда Қазақстанның халық әртісі, дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровқа ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ескерткіштің ашылу салтанатында  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қаршыға Ахмедияровтың шебер орындаушы ғана емес, өскелең ұрпақты өнер жолына баулыған,  ұлттық сананың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген педагог болғанын атап өтті. «Қаршыға Ахмедияров ұлтының мақтанышы болды. Ол күй зерттеушісі,  ұстаз ретінде бірнеше өнер шеберлерін тәрбиелеп шығарды. Бес жасында қолына алған қазақтың қасиетті домбырасы өмірлік серігіне айналды. Қаршыға Ахмедияров белгілі күйшілердің шығармаларын орындап қана қойған жоқ, өзі де 60-тан астам күй шығарды»,- деді  Нұрлан Ноғаев. Домбырасын қолына алып тұғырға қонған күйші ескерткіші - мүсінші Едіге Рахмадиевтің жұмысы. Мүсіннің биіктігі  - 3,5 метр. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаршыға Ахмедияровтың туыстары оның ғажап орындаушылық шеберлігі, бай шығармашылық мұрасы мен өнердегі ізін жалғайтын  дарынды шәкірттері туралы айтты.