Астанада Jastar Synergy хабы құрылады

Астанада Jastar Synergy хабы құрылады

Астанада Jastar Synergy хабы құрылады
ашық дереккөзі
Елордадағы "Жастар" сарайында Jastar Synergy хабы құрылады. Жастар хабы шығармашылық әлеуетті жүзеге асыру орталығы болмақ, деп хабарлайды Астана әкімдігі. "Мен біздің жастарымыздың нақты алаңы - "Жастар үйі" болуы тиіс деп айтқан болатынмын. Сондықтан біз дереу "Жастар" сарайын жөндеу туралы шешім қабылдадық. Бұл бір ғимаратта жастарға арналған коворкинг-орталық, "Рухани жаңғыру" қалалық жобалау кеңсесі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы сияқты үш бағыт жүзеге асырылады. Жақын арада біз оны таныстыруымыз керек", - деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында Осылайша, жаңа орталықта елорда жастарының шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалады. Мұнда жастар үшін қазіргі заманғы коворкинг, ашық кітапхана, "Рухани жаңғыру" қалалық-жобалық кеңсесі, жастар ҮЕҰ-на арналған азаматтық бастамалар орталығы, "Жас сарбаз" қалалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық бірлестігі және астаналық баспасөз орталығы құрылады.