Үндістанда тәуелсіздіктің 70 жылдығы тойланып жатыр

Үндістанда тәуелсіздіктің 70 жылдығы тойланып жатыр

Үндістанда тәуелсіздіктің 70 жылдығы тойланып жатыр
ашық дереккөзі
Ел астанасы Нью-Делиде әдеттегідей салтанатты әскери парад өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған әлемнің көптеген елінен жоғары лауазымды қонақтар шақырылды. Салтанатты шараға әдеттегідей Үндістанның заманауи қарулы күштерімен бірге ежелден бері келе жатқан түйелер мен атты әскері қатысты. Мұндай әскери шеру ХІХ ғасырдан бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Айта кетейік, Үндістанда осыдан 70 жыл бұрын, яғни 1950 жылдың 26 қаңтарында елдің тәуелсіздігі жарияланған болатын.