Оқырманға ортақ мерейтой

Өзіндік дара ұстанымымен басқа басылымдардан әрдайым ерекшеленіп отырған «Túrkistan» оқырман ойын заманның биік талаптарына сай идеялармен, біліммен сәулелендіріп келеді. Бүкіл түркі жұртының қол жеткізген жетістігі туралы құлағдар етіп, халықтың жырын жырлаған «Túrkistan» газетінің мерейтойына батысқазақстандық оқырмандар да ортақ. Әрдайым ұстанған бағыттарыңыздан айнымай, оқырманның іздеп жүріп оқитын сүйікті басылымының абыройын арттыра берулеріңізге, қоғам өмірінде өзіндік орны бар газеттің жақсы дәстүрлерін жалғастыра түсулеріңізге тілектеспіз.

Барша Ақ Жайық жұртшылығы атынан газет ұжымын айтулы мерейтоймен құттықтай отырып, шығармашылық ұжымның дендеріне саулық, бастарына байлық, қаламдарына қуат, көңілдеріне шабыт тілейміз!

 

Алтай Көлгінов,

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Back to top button