Жансейіт Түймебаев: Ұлы мұратқа жұмылдырған газет

Жансейіт Түймебаев: Ұлы мұратқа жұмылдырған газет

Жансейіт Түймебаев: Ұлы мұратқа жұмылдырған газет
ашық дереккөзі
Кезінде қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар, бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы» деген екен. Ақпараттар ағыны тасқындаған алмағайып заманда рейтинг қуалаудың емес, ұлтты ұлы мұратқа жұмылдыру қамымен еңбек етіп жүрген бұл басылымға ел алғысы шексіз. Әділдік, шынайылық және тереңнен толғау, ұлт руханияты мен мүддесін қызғыштай қорғау – «Túrkistan» газетінің басты ұстанымдары. Осы еңбектеріңізбен ел сенімін ақтап жүрсіздер. Танымал сөз зергері Қалтай ағамыз бастаған талай көсемсөз тарландары мен жалынды журналистердің ізі қалған бұл басылым тек қазақ халқы ғана емес, тұтас түркі әлемін де жақындастыруға үлес қосуда. Былтыр  Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласында ауқымды құрылас басталғанын білесіздер. Алдымызда Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру міндеті тұр. Демек «Túrkistan» газетінің ұлы мұраты жаңа дәуірі басталған Түркістан облысы мен Түркістан қаласының даму жоспарымен және Елбасымыздың саясатымен толық үйлесіп тұр. Сондықтан әріптестігіміз тереңдей түседі деген ойдамын. Ендеше, ел бірлігі мен руханиятын ұлықтап, Ұлы Дала елінің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп жүрген газет ұжымына шығармашылық шабыт, отбасыларына амандық, әрбір қызметкеріне ұзақ өмір тілеймін! Жігерлі қаламгер Қуат Әуесбай бастаған «Түркістан» газетінің өрелі өрендері Қазақстанның гүлденуіне үлес қоса береді деп сенемін! Ел газеті Мәңгілік елмен бірге жасай берсін!