Иманғали Тасмағамбетов: Ойларыңыз ұшқыр да жарқын болсын!

Иманғали Тасмағамбетов: Ойларыңыз ұшқыр да жарқын болсын!

Иманғали Тасмағамбетов: Ойларыңыз ұшқыр да жарқын болсын!
ашық дереккөзі
Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен – Халықаралық «Túrkistan» газетінің жарыққа шыққанына ширек ғасыр толуымен шын жүректен құттықтаймын! Халықаралық «Túrkistan» газеті – еліміздегі өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, шет елдердегі қандастарымыздан қалыптасқан қалың оқырманы бар беделді басылымдардың бірі. Газет ұжымы ұлттық мүддені, мәдениетімізді жандандыруға атсалысып келеді. Қазақ халқының түркітілдес халықтарымен ынтымақтастығына баса назар аударып, сыртқы саясаттағы басым бағыттарды насихаттап жүр. Соның нәтижесінде, жыл сайын оқырман қатары еселенуде. Әрдайым мемлекеттің құндылығын көздің қарашығындай сақтап келе жатқан «Túrkistan» ұжымына айтарым, қаламдарыңыз ешқашан мұқалмайтын қарымды, айтар ойларыңыз ұшқыр да жарқын, берер ақпараттарыңыз шынайы һәм әділ болсын! Бүгінгі мерекелі күні мұқым газет ұжымына шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс және жарқын болашақ тілеймін!