Жаңалықтар

«Túrkistan» газетінің негізін қалағандар

ашық дереккөзі

«Túrkistan» газетінің негізін қалағандар

«Тәуелсіздік туын көтеріп, өркениет көшіне батыл бет бұрған жас республикамызда халықаралық жаңа бір басылымның жарық көруі мәдени өміріміздегі елеулі оқиғалардың бірі. Дүниежүзілік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алуға ұмтылып келе жатқан Қазақстан үшін бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше болмақ. Осы орайда халықаралық «Түркістан» газеті Тәуелсіз Достастық елдерімен, шет мемлекеттермен әлеуметтік-экономикалық, рухани байланыстарымыздың нығая түсуіне өз үлестерін қосып, халықтар арасындағы достастық пен ынтымақтастыққа ұйытқы бола біледі деп сенемін».

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ

1994 жылғы 28 қаңтар

Қалтай Мұхамеджанов (1928-2001 жж.)

«Түркістан» газетінің алғашқы нөмірінен бастап басылымның өркендеуіне көп үлес қосқан қаламгер. Қай жанрда қалам тербесе де көркем жазатын публицист газеттің халықаралық деген статусқа сай болуы үшін аянып қалған жоқ. Шетел баспасөздерінде жарияланған тың дүниелерді, танымдық деректерді қазақша сөйлетті. Одан бөлек әлем әдебиетіндегі шығармаларды да қазақ тіліне аударып, газет бетінде жариялап жүрді. Аудармалары түпнұсқадан да алыстамайтындығымен, қазақылыққа да жақындай түсетіндігімен ерекше. Оның газет бетінде жариялап отырған туындыларының өзінен мол білім алуға, ой түюге болады. «Түркістандық» әріптестері арасында «Алтын шал» атанған. «Түркістанның» танымдық мүйісі» айдары бойынша қазақ газеттерінде бұрын-соңды жарияланбаған перғауындар жайында «Перғауындар қарғысы» атты мақаласы газеттің бірнеше нөмірінде жарияланды. Бұл – оқырмандардың қызығушылығын оятқан дүниелердің бірі болды.  

Әбіраш Жәмішев (1928-1995 жж.)

1991 жылдан еларалық «Заман-Қазақстан» газетінің тілшісі, кейін халықаралық «Түркістан» газетінің әлеуметтік және рухани мәселелер бөлімінің меңгерушісі болды. Оның қаламынан туған әр туындыдан ұлттық сипат білініп тұрады. Шет жұрттағы қандастар, дін, тарих тақырыбында жиі қалам тербейтін. «Біз Атажұртқа осылай оралдық» атты мақаласында «Біз елге аяғымыз жетсе екен деп келдік, ешкімнен ештеңе сұрамаған едік» деп жырақтағы қазақтың басындағы мәселені, көші-қон түйткілдерін жан-жақты баяндайды. Бұл шағын әңгіме болса да, үлкен повестің жүгін арқалаған дүние болды.  

Дидахмет Әшімханұлы (1950-2015 жж.)