Бақытжан Сағынтаев: «Túrkistan» – да ұлт зиялыларының ізі қалған

Бақытжан Сағынтаев: «Túrkistan» – да ұлт зиялыларының ізі қалған

Бақытжан Сағынтаев: «Túrkistan» – да  ұлт зиялыларының ізі қалған
ашық дереккөзі
Баршаңызды елдік мүдде мен ұлт мұратына талмай қызмет етіп келе жатқан «Túrkistan» газетінің жарыққа шыққанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Қашан да ақиқаттың ақ жолын ұран еткен «Túrkistan» бүгінде тәуелсіздігіміздің шежіресіне, асыл қазынасына, қазақ баспасөзінің іргелі ордасына айналды. Бұл орайда, қарашаңырақта жарқын іздері қалған ұлт зиялыларының, солардың игі дәстүрін үзбей жалғастырып келе жатқан редакция ұжымының еңбегін оқырман қауым ерекше қадір тұтады. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды, қоғамдық-саяси құбылыстарды, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатын жұртшылыққа шынайы жеткізуде «Túrkistan» газетінің рухани кеңістіктегі орны әрдайым озық болатынына сенімдімін. Мерейтойларыңыз құтты болсын! Ұжымға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!