Еліміздің төрт аймағында автожолдар жабылды
Еліміздің төрт аймағында автожолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт аймағында автожолдар жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақавтожол» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облысында бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының «Көлбай кенті-Үшарал қаласы» учаскесі жүк көліктері үшін жабылды. Онымен қоса, «Үшарал-Достық» күре жолының «Көктума ауылы-Достық ауылы» бөлігінде қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын салдарынан «Алматы-Өскемен» трассасы бойындағы «Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы» жол учаскесі жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» автожолының «Северное ауылы-Серебрянск қаласына бұрылыс» бөлігінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Сондай-ақ жүк машиналары мен автобустар үшін «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолының 33-123 шақырым аралығында («Предгорное ауылы-РФ шекарасы») қозғалысқа шектеу қойылды.
Ақмола облысында көктайғақтан «Екатеринбург-Алматы» автожолының «Астана-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесі жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.
Бұдан бөлек, ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» трассасында «Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы» жол бөлігінде жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.