Қытай халқының саны қанша?

Қытай халқының саны қанша?

Қытай халқының саны қанша?
ашық дереккөзі
2018 жылдың соңында Қытай халқының саны 1 395 миллиардқа жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Осылайша, қытайлықтардың саны 5,3 млн адамға көбейген. Ал 2017 жылы халық саны 7,37 млн  адамға артқан болатын. Бұл туралы Қытайдың ұлттық статистикалық бюросы хабарлайды. Бала тууды шектеу саясатына қарамастан, елдің халқы қарқынды түрде көбейіп келе жатыр. Статистика бойынша, өткен жылы аспан асты елінде 15,23 млн нәресте дүниеге келсе, 9,93 млн адам өмірден озған екен.