Қырғыз айырқалпағына мәдени мұра мәртебесін беруді ұсынды
Қырғыз айырқалпағына мәдени мұра мәртебесін беруді ұсынды
Қырғызстанда 21 қаңтарда парламенттің білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеті "Ұлттық бас киім - айырқалпаққа мәдени мұра мәртебесін беру туралы" заң жобасы талқыланады.
Құжатты Жогорку Кенеш депутаттары Экмат Байбакпаев ("Республика – Ата Жұрт" фракциясы) пен Бакирдин Субанбеков ("Бір Бол" фракциясы) дайындаған.
Еске салайық, бұның алдында осы депутаттар заң жобасын өткен жылы көктемде қоғамдық талқылауға шығарған. Сол кезде авторлар ұлттық бас киімге құрметсіздік көрсеткендерге 2000 сом (шамамен 30 доллар) айыппұл салуды ұсынған. Енді жеке тұлғаларды 1000 сомға, заңды тұлғаларды 5000 мың сомға жазалау ұсынылып отыр.
Бұған дейін парламентте президент пен спортшыларды шетелде айырқалпақ киіп жүруге міндеттеуді ұсынған.
Қырғызстанда 5 наурызда Айырқалпақ және қырғыз ұлттық киімі күні атап өтіледі.
Айырқалпақ - қырғыздардың ұлттық бас киімі.