Тікұшақ апатының негізгі 3 себебі аталды

Тікұшақ апатының негізгі 3 себебі аталды

Тікұшақ апатының негізгі 3 себебі аталды
ашық дереккөзі
Алматы қаласындағы шипажай маңында болған тікұшақ апатына байланысты бүгін ҚР  Индустрия және Инфроқұрылымдық Даму министрлігі, Авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов  брифинг өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24». Журналистермен болған кездесуде бас маман апаттың болуына үш түрлі себеп бар дегенді айтты. Яғни ауа райының қолайсыздығы, сондай-ақ адами фактор және тікұшақтан қандай да бір ақау шығуы ықтимал. «Әзірше сала мамандары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Барлық сараптама қортындысы бойынша нақты ақпаратты жеткізетін боламыз деді»,- Нұрлан Жұмасұлтанов. «Ол Боралдайдағы әуежайдан  Үлкен Алматы көлі маңындағы қону алаңына қарай ұшқан. Не үшін? Адамдарды алып кету үшін ұшқан болуы тиіс. Бірақ құлаған ұшақтың ішінде ұшқыштан басқа ешкім болмаған. Өте тәжірибелі маман болатын. Қазір жан-жақты тексерістер жүргізілуде. Қара жәшік те ашылды. Тікұшақтың сынған бөлшектерінде арнайы орындарға жеткіздік. Енді нақты себепті анықтайтын боламыз», – дейді авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов .