Станимир Стойлов қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады, деп жазды  centralasian.org.

«Қазақстан футбол федерациясы мен ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді» деп мәлімдеді федерация.

Болгариялық жаттықтырушы Станимир Стоилов 2018 жылы наурызда Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалған.

Стоилов жаттықтырған кезде Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына қатысты. Төменгі дивизионда ойнаған Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңіліп, топтан шыға алмаған.

Станимир Стойлов 2014 жылдан-2018 жылдың наурызына дейін «Астана» футбол командасын жаттықтырған. Стойлов жаттықтырған кезде «Астана» футболшылары 2014-2017 жылдары төрт рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. 2015 жылы Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады.

Стойловтың орнына кім тағайындалатыны әлі белгісіз.

Back to top button