II Елизавета патшайымның жұбайы 97 жастағы Филипп жол апатына ұшырады

II Елизавета патшайымның жұбайы 97 жастағы Филипп жол апатына ұшырады

II Елизавета патшайымның жұбайы 97 жастағы Филипп жол апатына ұшырады
ашық дереккөзі
II Елизавета патшайымның жұбайы Филипп жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Қазақпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Абырой болғанда, 97 жастағы Эдинбург герцогы Норфолк графтығындағы Сандрингес корольдігіне жақын маңда болған оқиғадан зардап шекпеген. Букингем сарайы хабарлағандай, апат орнында тағы бір көлік болған. Полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Филипп Range Rover көлігін өзі тізгіндеген. Келеңсіз жағдай А149 тасжолына шығар кезде болған. Куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан герцогтың көлігі аударылып кеткен.