Тоқаев: Батырдың есімін мәңгі есте сақтауға лайықты

Тоқаев: Батырдың есімін мәңгі есте сақтауға лайықты

Тоқаев: Батырдың есімін мәңгі есте сақтауға лайықты
ашық дереккөзі
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің ерлігінің мәңгі есте сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін киіктерді өлтірген браконьерлермен күрескен нағыз ер азамат, қорықшы Ерлан Нұрғалиев жерленді. Ол ҚР ұлттық мүлкін қорғау жолында көз жұмды. Иманды болсын! Бандиттер мен олардың ісіне қолдау көрсетушілер тиісті жазасын алулары керек. Батырдың есімін мәңгі есте сақтауға лайықты», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында. Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмған еді. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жарақат алған «Охотзоопром» инспекторын құтқаруға неліктен көп уақыт кеткенін түсіндірді. Сондай-ақ, осы оқиғаға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пікір білдірді.