Денис Теннің өлімі бойынша айыптыларға сот үкімі шықты

Алматыда өтіп жатқан Денис Теннің өлімі бойынша  бүгін айыптыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Судья Кеңшілік Әбілдинов ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 2 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімінің 1,4-тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Арман Құдайбергеновті  18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге үкім етті.

Екінші күдікті Нұралы Қиясовты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен айыпты деп табылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 434-бабымен айыпталған Жанар Толыбаеваны  4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу туралы сот үкімі шығарылды. Сонымен қатар, сот Толыбаеваны  ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша ақтау туралы шешім шығарды.

Сот Құдайбергенов пен Қиясовтан процессуалды шығын ретінде 1 860 520 теңге өндіруді, әрқайсысынан үлестік тәртіпте  930 260 теңге өндіруді үкім етті. Сонымен қатар сот Құдайбергеновтен жәбірленуші Жаңқабаевтың пайдасына 410 634 теңге материалдық шығын, Шамшиевтің пайдасына 100 000 материалдық шығын өндірді.

Back to top button