Шаһизада Әбдікәрімовтің «Сүлейдариясы» қырғыз тілінде басылып шықты

Шаһизада Әбдікәрімовтің «Сүлейдариясы» қырғыз тілінде басылып шықты

Шаһизада Әбдікәрімовтің «Сүлейдариясы» қырғыз тілінде басылып шықты
ашық дереккөзі
Қызылордалық ақын Шаһизада Әбдікәрімовтің «Сүлейдария» атты жыр жинағы қырғыз тілінде басылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш жыр жинағы 1 мың дана таралыммен оқырман қолына тиді. Оны Бақтыгүл Чотурова мен Карбалас Бакиров тәржімалаған. Автордың айтуынша, аталмыш шығарма қазіргі таңда татар тіліне де аударылып жатыр. Ақынның шығармалары бұдан бұрын да қырғыз тілінде екі мәрте жарық көрген. Шәкизада Әбдікәрімов 1956 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1981 жылдан бері журналистика саласында қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда Қызылорда қоғамдық теледидарының құрылтайшысы қызметін атқарады.  Шәкизада Әбдікәрімов жас шағынан поэзия әлемінде өз өрнегін салып келеді. Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас таланттардың жырлары жинақталған «Көктем тынысы» кітабына енген. Бүгінге дейін бірқатар туындысын оқырманға ұсынды, олардың арасында «Байқоңыр», «Алтын қазық», «Гладиатор», «Сүлейдария» жыр кітаптары бар.