Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі болып Рысбеков Ғани Құрмашұлы тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы əкімінің баспасөз қызметі. Бүгін облыс əкімі Кентау қаласындағы мəслихат мүшелерімен кездесті. Ғани Құрмашұлы Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуде артылған сенімді ақтауға уəде беріп, облыс басшысы жүктеген тапсырмаларды орындап, шаһардың көркейе түсуіне барынша атсалысатынын жеткізді. Ғани Құрмашұлы 1962 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласында туған. Еңбек жолын 1979 жылы Түркістан қаласында Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған. 1980-2015 жылдар аралығында Түлкібас жеміс-жидек зауытының жұмысшысы, Целиноград облысы Балхаш ауданы Веселовский совхозының аға агрономы, Түркістан ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Түркістан қаласы жастар ісі спорт және туризм басқармасының бастығы, Түркістан қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып қызметтер атқарған. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келді.