Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды

Армения президенті Армен Саркисян дүйсенбіде, жаңа парламенттің бірінші күнгі отырысында үкімет басшысы міндетін уақытша атқарушы Никол Пашинянді елдің премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конституцияны басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын», – делінген президенттің жарлығында.

Армения конституциясына сәйкес, ел президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың уәкілеттік мерзімі басталғаннан кейін парламентте көпшілік ұсынған үміткерді премьер-министр етіп тағайындайды.

Министрлер кабинеті премьер тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады. Бұдан кейін үкімет басшысы 20 күннің ішінде Ұлттық жиналысқа министрлер кабинетінің бағдарламасын ұсынуы тиіс.

Back to top button