Бішкектен шыққан «Боинг-707» ұшағы Иранда апатқа ұшырады

14 қаңтар, 2019 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Бішкектен шыққан «Боинг-707» ұшағы Иранда апатқа ұшырады Иран астанасы Тегеран қаласының маңында «Боинг-707» ұшағы құлап, он адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ИРНА агенттігіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Тегеранның батысында, Әлборз провинциясында орналасқан «Фатх» авиация базасында болған. «Боинг-707» ұшағы Бішкектен Иранның Пайам Кередж әуежайына бара жатқан. «Құлаған жолаушылар ұшағы емес», - дейді төтенше жағдайлар агенттігінің өкілі Миджитаба Халиди. Алдын ала деректерге қарағанда, ұшақ бортында болған он адамның барлығы қаза тапқан. Желіде тараған видеолардан ұшақ құлаған жерден қою түтін шығып жатқаны көрінеді.