Димаш Құдайберген Халықаралық сән апталығының ашылу салтанатында ән айтты

Димаш Құдайберген Халықаралық сән апталығының ашылу салтанатында ән айтты

Димаш Құдайберген Халықаралық сән апталығының ашылу салтанатында ән айтты
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда басталған Халықаралық сән апталығының ашылуында ән айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Димаш сахнада «Screaming» және «The Crown» әндерін орындады. Оның видеоларын әнші Инстаграмдағы парақшасында және өзінің You-tube каналында орналастырды. Димаш сахнаға «Сәлем, dears» деп амандасып шықты. Артынша, сән апталығына қатысатын модельдер бірінен соң бірі көрінді. Бір күн бұрын Димаш арулармен сахнадағы дайындығынан фотолармен бөліскен болатын. Залдағы көрермендер болса қазақ әншісіне үлкен қолдау білдіріп тұрды. Оның есімі жазылған жарықтандырылатын құралдарды ұстап, ұялы телефондарына түсірді. Ал шараның басталуында жас әнші қызыл кілеммен жүріп өтті. Видеода көптеген жанкүйерлердің «Димаш», деп айғайлаған дауысы естіледі. Оның қауіпсіздігін жан-жағынан қоршай, күзет қызметінің бірнеше адамы қамтамасыз етті. «Белдеу және жол» Халықаралық сән апталығы - 2019 Қытайдың Сиань қаласында өтуде. Еске салайық, биылғы 22 наурызда Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сарайында жеке концертін береді. Билеттердің сатылымы басталды. Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, әнші Ақтөбе облысы мен Петропавл қаласында да жеке концертін өткізуі мүмкін.