Семейде мұз сарайы бой көтереді

Семей қаласында мұз сарайы бой көтереді. Жоба мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге аспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спорт нысаны «Қарағайлы» шағын ауданында орналасады. Мұнда қос хоккей алаңы мен 400 метрлік жүгіру жолақтары, қосымша жаттығу залдары және 500 көрерменге орындықтар қарастырылған. Болашақта хоккей, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек сияқты қысқы спорт түрлерін дамыту көзделген. Қазір жергілікті әкімдік 3 жарым гектар жер телімін бөліп, инженерлік инфрақұрылымдық жүйелерді тартуды қарастырып отыр. Құрылыс мамыр айында басталады.

«Жобаның аяқталу мерзімі осы жылдың соңы деп отырмыз. Яғни Семей халқы үшін Қарағайлы шағын ауданында қос нысан қатар пайдалануға берілмекші. Абай-арена спорттық сауықтыру кешені мен мұз сарайы тұрғындардың сүйікті мекеніне айналады деп сенеміз», − дейді қала әкімі Ермак Сәлімов .

Back to top button