Қазақтың тұңғыш кәсіби иллюзионисі Сара Қабиғожина бақилық болды

Қазақтың тұңғыш кәсіби иллюзионисі Сара Қабиғожина бақилық болды

Қазақтың тұңғыш кәсіби иллюзионисі Сара Қабиғожина бақилық болды
ашық дереккөзі
Қазақтың тұңғыш кәсіби иллюзионисі, көрнекті эстрада-цирк әртісі, Қазақстанның Халық әртісі Сара Оқапқызы Қабиғожина дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Сара Қабиғожинаның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. «Сара Оқапқызының еліміздің өнері мен мәдениетінің дамуына сіңірген еңбегі зор. Саңлақ күйші-домбырашы Оқап Қабиғожиннің қызы Сара әпкеміз өнерге бала кезден құштар болып өсті. Алматыда 1965 жылы ашылған республикалық эстрада-цирк студиясының тұңғыш түлегі. Кәсіби саxнадағы өнер жолын «Қазақконцертте» көркемсөз оқу шебері ретінде бастады. Өмір мен өнерде серігі болған Сұлтанғали Шүкіровпен бірге, қазақ саxнасында сирек кездесетін көзбайлаушы-иллюзионистік жанрда өнер көрсетті», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Сара Оқапқызы 1972 жылы Мәскеудегі эстрада өнерінің бүкілодақтық шығармашылық шеберханасында оқыған. 1978 жылы Карловы Вары, кейін Парижде, Брюссельде өткен дүниежүзілік иллюзионисттер байқауларында Бас жүлдені жеңіп алған. Сондай-ақ, Гаванада өткен (1978) Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік 11-фестивалінің және Бүкілодақтық Комсомол сыйлығының иегері (1980) атанған. «Еліміздің эстрада-цирк өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген, аяулы тұлға Сара Қабиғожинаның шығармашылық жолы мен жарқын бейнесі ел жадында сақталары сөзсіз», - дейді министр.