10 Қаңтар, 15:21 396 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Астана Сириядан Қазақстанның 47 азаматы қайтарылғанын мәлімдеді

Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала мен 11 әйел эвакуацияланды. Бұл туралы 9 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды centralasian.org.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған видеода президент Нұрсұлтан Назарбаев 6 қаңтарда қазақстандық құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық операция барысында 47 азаматтың Сириядан елге жеткізілгенін айтады.

"Олар кезінде дағдарыс орнаған елге алданып барып, терроршылар тұтқынына түсіп қалған. Біраз адамдар алданып Сирияға барды да, көпшілігі соғыс кезінде қайтыс болды. Бұл кісілер Қазақстанға оралған соң бір ай біздің жағдайға үйреніп, медициналық бақылаудан өтеді" деді Қазақстан президенті.

Назарбаев Қазақстан қақтығыс аймағында еріксіз жүрген азаматтарды, әсіресе балаларды қайтару жұмыстарын жалғастыра беретінін айтады.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған. Комитет Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан.

Былтыр наурызда ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Сириядан 125 қазақстандықтың оралғанын, 57 адамның қамауда отырғанын, қалғандарының бақылауда екенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар