10 Қаңтар 2019, 13:01 811 0 Сыртқы саясат TURKYSTAN.KZ

Жапонияның салық жүйесі өзгерді

Жапония үкіметі елге келетін туристер үшін 7 қаңтардан бастап салықтың жаңа түрін енгізді. Осы жылдың 7 қаңтарынан бастап Жапониядан теңіз және әуе жолдары арқылы шығатын жолаушылар  1000 иен (9 АҚШ доллары) көлемінде салық төлейді. Жапония үкіметінің болжамы бойынша, 2020 жылға қарай елге келетін  туристердің саны 40 млн адамға жетпек. Олардың басым бөлігін Қытай, Оңтүстік Корея, Тайван, Гонконгтан келетін туристер құрайды. Сондай-ақ, Еуропадан келушілер саны да артуы мүмкін. Бұл салықтан тек депортациялауға ұшыраған азаматтар, екі жасқа дейінгі балалар, транзиттік жолаушылар, дипломаттар мен арнайы үкіметтік рейстермен ұшушылар босатылады.

 

Соңғы жаңалықтар