ЮНЕСКО-ны мойындатқан Иран

ЮНЕСКО-ны мойындатқан Иран

ЮНЕСКО-ны мойындатқан Иран
ашық дереккөзі
Иран ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік  мұралар тізіміне ең көп қалалары  кірген ел атанды. Иранның мәдени мұра, қолөнер және туризм жөніндегі ұйым басшысының орынбасары Пуя Махмудияннің айтуынша,  Иранның 8 қаласы мен 2 ауылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік  мұралар тізімінде. Әлем бойынша басқа ешбір мемлекеттің еншісінде мұндай жетістік жоқ. Иранның Тебриз қаласы көз жауын алатын  парсы кілемдерімен, ал Исфахан қаласы ұлттық сәулет өнерімен, Мешхед бағалы тастарымен әйгілі. Осы қалалар елдегі туризмнің дамуына да айтарлықтай серпін береді. Тебриз базарының өзіне жыл сайын әлемнен миллиондаған турист ағылады. Иран мемлекетінен кейін ЮНЕСКО тізімінде Қытай, үшінші орында Чили орналасқан.