«Ойқарағай» – саламатты өмір жаршысы

«Ойқарағай» – саламатты өмір жаршысы

«Ойқарағай» – саламатты өмір жаршысы
ашық дереккөзі
Алматы облысында «Ойқарағай Лесная сказка» тау-шаңғы кешені ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылған туристік жоба саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуға ықпал етпек. Теңіз деңгейінен 1500-1800 метр биіктікте орналасқан демалыс аймағының жалпы аумағы 85 гектар. «Елбасы облысқа келген сапарында туризм кластерін қалыптастыру туралы тапсырма берген еді. Соның ішінде Шымбұлақтан бастап Түрген шатқалына дейінгі аралықта тау туризмін дамыту қажеттігін айтқан болатын. Соған байланысты бүгін, міне, жаңа тау-шаңғы кешенін ашып отырмыз. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, республикалық маңыздағы автокөлік жолынан кешенге дейінгі 6,2 км жолға күрделі жөндеу жасадық. Бұл ‒ отбасымен келіп, таудың таза ауасымен тыныстап, шаңғы теуіп, сырғанап, демалуға таптырмайтын орын», ‒ деді облыс әкімі Амандық Баталов. Шаңғы, скейтборд, үрлемелі камералармен сырғанауға арналған, түрлі күрделіліктегі 15 арнайы жолақ бар. Шаңғы тебуді үйренгісі келетіндер үшін шаңғы мектебі жұмыс істейді. Демалыс аймағы күніне 5000 адамды қабылдауға қауқарлы. Алдағы жылдары 13 шақырымдық сырғанау жолақтарын 40 шақырымға дейін жеткізу жоспарланған.