9 Қаңтар, 16:32 287 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Ботай қонысында арнайы мұражай салынады

Хабар 24
Хабар 24

Жылқыны алғаш қолға үйреткен Ботай қонысында арнайы мұражай салынатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Археологиялық кешен Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданында бой көтермек. Қазір арнайы әзірленген жобаны министрлік өкілдері қарастырып жатыр. Сәтін салса, құрылыс жұмыстары биыл басталады. Ол үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбекші. Кешеннің жалпы аумағы 62 гектарды құрамақ. Сондай-ақ мұнда археолог мамандар қазба жұмыстарымен қысы-жазы айналысатын болады. Бұдан басқа, әкімшілік ғимарат, қонақүй және ипподром да салынбақшы.

«Бұл ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жылына бұл жерге екі мыңға жуық турист келіп кетеді екен. Егер мұражай-кешен пайдалануға берілсе, оның саны 9 мыңға дейін артатын болады. Сондықтан биылдан бастап аталған орынға апаратын жолдарға да күрделі жөндеу жүргізіледі», – дейді тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы директорының м.а Рахат Мәмбеталинов .

 

Соңғы жаңалықтар