Текеліде әк зауыты ашылады

Текеліде әк зауыты ашылады

Текеліде әк зауыты ашылады
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы моноқалалардың бірі – Текеліде өңдеу өнеркәсібі дамып, өндіріс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».  Оған шойын балқыту зауыты мен жылыжай кешендерінің, орта және шағын бизнес нысандарының ашылуы оң әсер етті. Текелі кен байыту зауытының екінші домна пеші биыл іске қосылады. Ол 1150 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл орайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі де назардан тыс қалмақ емес. Зауыт алдағы уақытта осы шағын қалада балабақша, мектеп, мешіт салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ өткен жылы 35 миллион теңге инвестиция тартылып, Текелі мәрмәр зауыты іске қосылды. Қазір онда 17 адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы сәуір айында Текелі әк зауыты ашылады. Сол арқылы 16 жаңа жұмыс орны пайда болады. Өткен жылы бұл қалаға жалпы сомасы 5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды. «Тек қана өнеркәсіптік мекемелер емес, шағын бизнестегі мекемелер де ашылып, соңғы үш жылда шағын жекеменшіктегі мекемелердің саны 165-ке дейін артып отыр. Бұл жерде 2800-ге дейін адам жұмыс атқарады. Қазіргі таңда өнеркәсіптік өндіру өнімдерін біз 16 млрд 700 млн теңгеге өндірдік. Оның 69,7 пайызы қайта өңдеу өнеркәсібінің өнімдері болып табылады. Салыққа келер болсақ, 2,2 млрд теңге салық өндірілді», – дейді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.