9 Қаңтар 2019, 10:03 658 0 Қауіпсіздік Назым Тойлыбаева

Еуропаны жайлаған қарлы бораннан 9 адам көз жұмды

Хабар 24
Хабар 24

Еуропада боран соғып, қар жапалақтап жауып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауылдан Амстердам қаласындағы әуежайдан 160 ұшақ көкке көтерілмеді. Германияның Бавария аймағында тоқтаусыз жауған қардан қоғамдық көліктер жүрісі тоқтап, оқу орындары уақытша жабылған. Австрия елінде де дәл осындай жағдай. Жалпы соңғы мәліметке қарағанда, кәрі құрлықты жайлаған қарлы бораннан 9 адам көз жұмған. Олардың барлығы дерлік шаңғы тебетін таулы аймақтарда опат болған. Ал синоптиктер алдағы күндері осындай ауа райы сақталатынын ескертіп отыр. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетіп, таулы аймақтарда көшкін қаупі күшейеді.

Соңғы жаңалықтар