«Қайрат» ФК бас директоры қызметінен кетті

«Қайрат» ФК бас директоры қызметінен кетті

«Қайрат» ФК бас директоры қызметінен кетті
ашық дереккөзі
«Қайрат» футбол клубының бас директоры Әлішер Әпсәләмов өз еркімен лауазымынан кететіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың сайтына сілтеме жасап. «Еңбегі үшін Әлішерге алғыс білдіреміз, соңғы екі маусымда ол осы лауазымда табысты қызмет етті. Оның жетекшілігімен көптеген жұмыстар атқарылды. Әлішер өз ісінің кәсіби маманы, футболдың қыр-сырын білетін, оны сүйетін жауапты әрі іскер басшы», - делінген хабарламада. Клубтың мәлімдемесінде оның өз еркімен лауазымынан кететіндігі айтылды. «Әлішерге еткен еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыстар тілеймін», - дейді «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.