Жаңалықтар

ТАЛАЙДЫ ТАМСАНТҚАН СПОРТШЫЛАР

ашық дереккөзі

ТАЛАЙДЫ ТАМСАНТҚАН СПОРТШЫЛАР

Жанкүйерлер саны жағынан футболдан кейінгі орында жекпе-жек өнері тұрса керек. Әйтеуір ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конар Макгрегор арасындағы сегізбұрыштағы кездесу осы жылдың үздік жобасы атанды. Жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) чемпиондық атаққа таласқан қос спортшы кездесуге дейін БАҚ өкілдері арқылы бірін-бірі сынға алып, «мен мықтымын» деп талай кеуде қаққан. Осыдан болар, T-Mobile аренасындағы 20 мың билетті сатылымға шыққан сәттен кейін жанкүйерлер үш минут ішінде талап әкетті. Үлгермей қалғандар билет сұрап, ұйымдастырушылардың мазасын әбден алса керек, бұқаралық ақпарат құралдары отыруы тиіс орындардың тең жартысы амалсыз сатылды. Шоуды көздегендер онымен шектелмей соңы үлкен шуға ұласты. Макгрегор уақытынан бұрын жеңілді. Нурмагомедов октагоннан секіріп шығып Конор жақтастарының басына секірді. Спорттың ішкі ережесі мен мәдениетін аяққа таптады деп Хабибке біраз айып пен сын тағылды. Алдын-ала белгілі болғандай 3 миллионға жуық тікелей трансляциялау құқығы 100 АҚШ долларынан сатылды. Конор мен Хабиб әр сатылымнан 2-3 доллар көлемінде бонус, демеушілерден келісімшарт бойынша бөлек қаржы алады. Мамандардың айтуынша ұйымдастырушылар таза 200 млн АҚШ доллары көлемінде пайда тауыпты. Ал, Хабибтің инстаграм желісіндегі оқырмандар саны кездесуге дейін 3 миллионға жетер жетпес болса, кездесу өткеннен кейін, 1 ай ішінде 13 миллионнан асты. Осыдан ақ кездесу миллиондарға қызық болғанын аңқаруға болады. Сарапшылар «Нурмагамедов пен Макгрегор тараптары жыл бойы сөзге айналдырып, жанкүйерлер ықыласы мен аудиториясын көбейтуді көздеуі мүмкін. Егер күткен нәтиже орындалса осы жылы, болмаса, келер жылы кездесуді көріп қалармыз», ‒ деп болжам айтуда. Өтуі мүмкін деген тағы бір бәсеке отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесу. Алғашқыда тең нәтиже тіркеліп, реваншта ұпай есебімен жеңіске жеткен «Канело» бұл жолы өз талаптарын қоюы мүмкін. Онан бөлек қаржы мәселесі тағы бар. Бірақ, реванштан кейін тараптар кезекті кездесуден бас тартпайтынын мәлімдеген. Егер ұйымдастырушылардың жолы болса, биыл жанкүйерлер «таңғажайып» трилогияны тамашалайды.