Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «8-9 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік- батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 8 қаңтарда таңертең және күндіз, 9 қаңтарда түнде желдің екпіні 23-28 м/с, өңірдің кей жерлерде тұман, көктайғақ болады», -делінген синоптиктер болжамында. Қызылорда облысының Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының  бұзылуына байланысты өзен арнасынан тасуы мүмкін. Сондай-ақ, Түркістан облысының таулы жерлерінде мол жауын-шашын түсіп, салдарынан өзен арнасынан тасып, кей жерлерде қызыл су жүруі ықтимал.