Голливуд "Алтын глобус" киносыйлығының жүлдегерлерін жариялады

Голливуд "Алтын глобус" киносыйлығының жүлдегерлерін жариялады

Голливуд "Алтын глобус" киносыйлығының жүлдегерлерін жариялады
ашық дереккөзі
Мексикалық Альфонсы Куаронның "Рим" фильмі ең үздік шетел фильмі деп танылды. Куарон ең үздік режиссер атанды, деп хабарлайды centralasian.org. Лос-Анджелесте "Алтын глобус" киносыйлығымен марапаттау салтанаты 76-мәрте өтті. "Ең үздік драма фильм" сыйлығы Брайан Сингердің "Богема рапсодиясы" алды. Туындыда басты рөлді сомдаған Рами Малек үздік драма әртісі атанды. Үздік анимациялық фильм деп қазылар алқасы "Өрмекші адамды" таңдаған. "Үздік драма сериал" номинациясында "Америкалықтар" жеңіске жетті. Кинематографияға сіңірген еңбегі үшін "Алтын глобус" әртіс Джефф Бриджеске берілді. Үздік драма актриса сыйлығын Гленн Клоуз алды. Майкл Дуглас үздік комедиялық әртіс деп танылды. Ол түскен "Комински әдісі" сериалы үздың комедиялық сериал жобасы атанды. Ричард Мэдден "Қорғаушы" сериалындағы рөлі үшін үздік драма әртісі деп танылса, Сандра О "Еваны өлтіру" сериалындағы жұмысы үшін үздік актриса сыйлығын алды. Америкалық композитор Джастин Гурвиц "Айдағы алғашқы адам" фильміне жазған музыкасы үшін "Алтын глобус" иегері атанды. Үздік саундрек сыйлығы "Жұлдыз туды" фильміндегі Shallow әні үшін Леди Гагаға берілді. "Алтын глобус" - Голливуд шетел баспасөзі қауымдастығы 1944 жылдан бастап тағайындайтын америкалық сыйлық. Ол 25 номинация бойынша сыйлық таратады.