Жаңалықтар

Иран ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізімінде бірінші тұр

ашық дереккөзі

Иран ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізімінде бірінші тұр

Иран ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік  мұралар тізіміне ең көп қалалары  кірген ел атанып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.    Иранның мәдени мұра, қолөнер және туризм жөніндегі ұйым басшысының орынбасары Пуя Махмудияннің айтуынша, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік  мұралар тізіміне Иранның 8 қаласы мен 2 ауылы кіріп, әлем бойынша бірінші орында тұр. Екінші орында Қытай, ал үшінші орынды Чили алады. Айта кетсек, Иранның Тебриз қаласы әлемге кілемдерімен, ал Исфахан қаласы ұлттық сәулет өнерімен, Мешхед бағалы тастарымен әлемге әйгілі.