Токиода салмағы 250 келіден асатын балық 3,1 млн долларға сатылды

Токиода салмағы 250 келіден асатын балық 3,1 млн долларға сатылды

Токиода салмағы 250 келіден асатын балық 3,1 млн долларға сатылды
ашық дереккөзі
Токионың балық базарында 278 келілік көк тунец рекордтық сома 3 миллион 100 мың долларға сатылды, деп хабарлайды  «Хабар 24». Тоёсу базарында өткен жаңа жылдық бәссауда жергілікті саудагерлердің де таңқалдырды. Ал Тынық мұхитында ауланған балықты «Киомура» компаниясының қожайыны Киеси Кимура иеленді. Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда көк тунецті сатуда рекорд 2013 жылы орнатылған болатын. Ол кезде Цукидзи базарында 200 келілік көк тунец 1 миллион 800 мың долларға сатылған еді. «Мен бұл балықтың бағасы 270-460 мың доллар шамасында болар деп топшыладым. Ары кеткенде 550 мың долларға дейін көтерілер деп ойлағам. Бірақ ол мен күткеннен 5 есе қымбатқа сатылды», – дейді  Kiyomura corporation компаниясының басшысы  Киоши Кимура .