Қазақстандық үздік боксшылардың P4P рейтингі жарияланды

Қазақстандық үздік боксшылардың P4P рейтингі жарияланды

Қазақстандық үздік боксшылардың P4P рейтингі жарияланды
ашық дереккөзі
Титулдық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) қазақстандық боксшылар арасында салмақ дәрежесінен тыс рейтингтің үздік «ондығына» енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz - ке сілтеме жасап. Рейтингті бокс статистикасын жүргізетін BoxRec.com беделді порталы құрастырды. Атап айтқанда, 23 желтоқсан күні Мәскеу қаласында Бельгия боксшысы Илиас Ачергуимен (12-4-1, 6 КО) айқасып (екінші орта салмақ), WBO Global титулын жеңіп алған Ербосынұлы рейтингтің төртінші сатысына орналасты. Сол күні төрешілердің бірауызды шешімімен филиппиндық Арнел Тинампайды (25-23-1, 11 КО) жеңіп, бірінші орта категорияда WBC Asia белдігіне ие болған Жаңабаев рейтингте тоғызыншы болып тұр. Қазақстандықтар арасындағы P4P рейтингі келесідей:
  1. Геннадий Головкин (орта салмақ)
  2. Батыр Жүкембаев (бірінші жартылай орта салмақ)
  3. Бейбіт Шүменов (бірінші ауыр)
  4. Айдос Ербосынұлы (екінші орта)
  5. Абылайхан Құсайынов (жеңіл)
  6. Мейірім Нұрсұлтанов (орта)
  7. Әли Ахмедов (жартылай ауыр)
  8. Руслан Мәдиев (бірінші жартылай орта)
  9. Нұрсұлтан Жаңабаев (бірінші орта)
  10. Бахтияр Эюбов (жартылай орта)
  11. Бобиржан Моминов (жартылай орта)
  12. Данияр Елеусінов (жартылай орта)
  13. Жәнібек Әлімханұлы (орта)
  14. Мадияр Әшкеев (бірінші орта)
  15. Айдар Шәрібаев (екінші жартылай жеңіл).