Жаңалықтар

Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді

ашық дереккөзі

Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді

ШҚО-да Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қаулыда.