4 Қаңтар 2019, 10:38 848 0 Мәдениет Назым Тойлыбаева

Лувр - әлем бойынша адамдар ең көп баратын музей

2018 жылы Луврға 10 миллионнан астам адам барған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі музейдің сайтына сілтеме жасап.

Музейді 10,2 млн адам тамашалаған, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 25% көп. Онда барушылардың басым көпшілігін АҚШ, Қытай, Бразилия және Еуроодақ елдерінің азаматтары құрап отыр.

Осыған дейінгі рекорд 6 жыл бұрын тіркелген. 2012 жылы музейге 9,7 млн адам барған.

Айта кететін мәселе, Луврға келушілер санының өсуі Абу-Даби филиалының ашылуымен және музейдің залдарында Beyonce пен Jay-Z-дың клиптерінің түсірілуімен байланысты болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар