Мейвезердің Жапониядағы жекпе-жегіне қатысты дау шықты
Мейвезердің Жапониядағы жекпе-жегіне қатысты дау шықты
UFC ұйымында өнер көрсеткен америкалық Брендон Шауб өз отандасы Флойд Мейвезер мен жапониялық Тенсин Насукава арасында Rizin 14 бокс кешіндегі жекпе-жегін жалған деп атады, деп жазады tengrinews.kz Boxing Scene-не сілтеме жасап.
"Әрине, бұл жекпе-жегі жалған. Сіздер байқамадаңыздар ма? Ол тоғыз миллион табыс тапты, бұған әрине қуану керек. Бәлкім Тенсин де табыс тапқан шығар, алайда бұл туралы бізге ешкім айтпайды", - деді Шауб.
Спортшы 41 жастағы америкалықтың өз рөлін жақсы ойнап шыққан, ал жапониялық кикбоксшының актерлік шеберлігі тым нашар болған дейді. "Порнода одан жақсы ойнайды", - дейді ол.
2018 жылы 31 желтоқсанда Мейвезер Rizin 14 турниріне қатысты. Америкалық спортшы бокс ережесімен өткен кездесуде Насукаваны нокаутқа түсірді. Осыдан кейін, 41 жастағы Мейвезер жапониялықпен шығу үшін мүлде дайындалмағанын айтты.
35 жастағы Шауб 2014 жылы аралас жекпе-жектен кетіп, журналист әрі сарапшы болып қызмет етіп жүр. Ол 10 кездесуде жеңіске жетіп, бес кездесуде жеңілген. Шауб кезінде Мирко "Крокоп" Филиповичті нокаутқа түсірген.